Олеся Гребнева, Данил Гребневтің анасы.
– Баламызға қасымызда жүріп білім алатын мүмкіндік туғанына қуаныштымыз. Мектепке барып, достар тауып, қоғамға сіңісіп келе жатыр. Мұндай жағдай болмағанда балам 4 қабырғаға телміріп отырар еді. Себебі кішкентай баланы басқа қалаға жібере алмаймыз. Қалам да ұстай алмайтын ол бір жылдың ішінде 42 әріпті таныды. Бұрын балабақшаға барғысы келмейтін, ал мектепке бармаймын деген кезі болған жоқ. Оқуға деген құлшынысы зор.
Жақында арнайы сыныпқа шетелден көзінің кемістігі бар оқушыларға деп 12 құрылғы әкелінді. Соның бірі Жапонияда құрастырылған “Топаз” аппараты. Ол сканердің үстіне қойылған парақшадағы жазуды үлкейтіп көрсетеді. Тіпті құрылғының көмегімен парақтағы тапсырманың түр-түсін өзгертуге болады. Себебі, көзінде кемістігі бар балаларда белгілі бір бояу түрлерін көре алмау жағдайы жиі кездеседі.
Әдемі Қаратаева, №44 орта мектептiң бастауыш сынып мұғалімі, тифлопедагог.
-Әрбір балаға көзінің диагнозы бойынша әріптер үлкейтілген немесе өзіндік түр-түстері болуы керек. Кейбіреуі көк түстен, кейбірі сары түстен көреді. Осындай ерекшеліктер бойынша жұмыстар жүргіземіз. 01:31 Шетелден барлығы – “Сара” деп аталатын – 5, “Топаз” – 4, 2-компьютер және “Брайлер” деп аталатын принтер әкелінді.
Әр сабақта оқушылар мынадай электронды лупаны пайдаланады. Бұл балғындарға кітаптағы жазуды үлкейтіп, кедергісіз оқуларына себін тигізеді. Ал, жаңадан әкелінген Американдық “Сара” машинасы зағип балаларға кітапты өзі оқып береді.
Сөйлейтін аппарат мұғалімнің мүлде көрмейтін оқушымен жасайтын жұмысын әлдеқайда жеңілдетпек. Сондай-ақ, алдағы уақытта зағиптарға түрлі шығармалардың электронды көшірмесін алу да қиынға соқпайды. Себебі жаңадан әкелінген Швецариялық принтер компьютерге жазылған қарапайым сөйлемді қағаз бетіне саусақ ұшымен оқыйтындай етіп шығарады.
Сергей Карпук, №44 орта мектептiң директоры.
-Мектеп базасында көру кемiстiгi бар және көз жанарынан мүлде айырылған балаларға арналған сынып былтыр ашылды. Биыл 8 оқушы екінші сыныпқа көшті. Бүгінде мектебіміз келе жатқан жаңа оқу жылына зағип балғындарды қабылдауға толық дайын. Олар кәдімгі мектеп бағдарламасы бойынша оқып, көру қабілетін жақсартатын жаттығулар жасалады. Бұл жағдайда балғындармен жұмыс жасайтын медициналық кабинетіміз де бар. Бала денсаулығы күнделікті бақылауда болып, алаңсыз оқиды.
Білім ошағында жұмыс жасайтын емдеу бөлмесінде, дәрігерлер “Сеноптофор” құрылғысы арқылы көзінде қылилық, астигматизм және амблиопия сынды ауытқушылықтары бар балаларға аптасына 2-3 рет арнайы ем-дом шараларын жүргізіледі.
Акбопе Танирберген.