МТРА жаңалықтары

Апат айтып келмейді

12 қаңтар Петропавл қаласында Амангелді 1 қысқа көшесінде орналасқан екі қабатты үй өртке оранып, 68 жастағы ер адам қаза тапты. Көршілерінің айтуы бойынша баспана иесі жалғыз тұрған, оған қоса төсекте жатып темекі тартуды құмартқан. Өткен жылдың жаз айларында бұл үйде үш рет төсек орын жанған болатын. Ер адамның мүрдесі ас үйде табылған. Ол мас күйінде креслода тұтанған шылыммен ұйықтап қалған деген болжам бар. Өрттің салдарынан дәліз толығымен жанып кеткен. Үйдің қабырғалары бүлініп, ас үйге үлкен шығын келген. Қызыл жалынмен арпалысушы мамандардың айтуынша, өртке әкеп соқтыратын себептердің бірі – салғырттық, оның ішінде темекі шегуде жатады. 2013 жылы шылымның салдарынан 9 адам өрт құрбаны болған, ал 2014 жылы 6 адам тілсіз жаудан көз жұмды.


 

Риат Шони.