Мәдениет

Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені жылдық есеп беру концертін өткізді

Педагогика ғылымдарының кандидаты Роза Кашенова 30 жылдан астам дарынды жастармен жұмыс жасауда. Біздің түлектер еліміздің Астана, Алматы, Өскемен, Ресейдің Новосибирск, Санкт-Петербург қалаларының белді театрларында қызмет етуде. Талапты студентке талантты оқытушы білім беру керек,-дейді ол.

Роза Кашенова – Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің директоры

– Бүгінгі күн біз үшін маңызды. Себебі бүгінгі кеште білім ордамымыздың кішкентай оқушыларынан бастап, студенттер мен оқытушылар өнер көрсетеді. Өнер колледжіндегі студенттер 12 мамандық бойынша білім алуда. Барлығы да талантты, өнерлі. Қазіргі жастарға менің көңілім толады. Олардың алға деген құлшыныстары ұнайды.

Айтолқын Қазиқан өнер колледжінің 3-ші курс студенті. Көп аспаптың ішінен Айтолқын флейтаны таңдапты. Себебі, оның дыбысы өзгелерден ерекше,-дейді жас музыкант.

Айтолқын Қазиқан – Өнер колледжінің 3 курс студенті

–  Осы концертте біз көбіне классикалық шығармаларды ойнаймыз. Флейта аспабының дауысы әдемі. Сондықтан мен оны таңдадым. 3-ші сыныптан бері оқып жатырмын. Ең қиын шығарма менде шаминад концертино болған.

Бұл – білім ошағында 187 студент оқиды. Биыл оның 45-і қанат қағып ұшқалы тұр. Иса Алимусаев аталмыш өнер ордасының эстрада вокалын тәмамдамақ. Бүгін ол өзінің соңғы студенттік концертіне қатысып, халық алдында әуелете ән салды.

Иса білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына дән риза. Олар 4 жыл бойы бізге өнердің қыр-сырын үйретіп, талай дарынды қанат қақтырды,-дейді ол.

Иса Алимусав – Өнер колледжінің 4 курс студенті

–  Өзім 4-ші курсты биыл тәмамдаймын. Енді өсіп келе жатқан жасөспірімдердің біздің коллдежге түскендерін қалаймын. Мұнда неше түрлі кәсіптер бар. Мысалы домбыра бар, ән үйірмесі, эстрадалық вокал. 4 жылдан бері дұрыс ән айтуды, актерлік шеберлігін және музыкалық сабақтарды көп үйренесің.

Бұл білім ошағының бағындырар асулары мен жетер жеңістері әлі алда.

Айгерим Ержанова .