Жалынды басуға 2 бірлік техника мен 7 адам жұмылдырылды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ, бірақ баспананың 15 шаршы метрі зақымданған. Сонымен қатар, қабырға мен төсек орын және қожайынның жеке заттары күйіп кетті. Қатты түтін біраз кедергі жасағанымен, өрт ошағы небары 12 минут ішінде оқшауланды. Әзірге бұл оқиғаның себептері анықталуда. Қала бойынша бір апта ішінде осындай 3 өрт оқиғасы тіркелген.