МТРА жаңалықтары

Өңір аудандары ел Президенті сайлауына дайындалуда

Нұржыхан Кукла – №225 сайлау учаскесінің төрайымы, М.Жұмабаев ауданы

– Бұл сайлау учаскесі Элеватордың мәдениет үйінде орналасқан. Мекемені саяси науқанға 26-шы наурыздан бастап дайындадық. Бүгінде бізде 786 сайлаушы бекітілген. Биыл маңызды науқанға барша жерлестеріміз қатысып, өз таңдауын жасайды деген ойдамын.

Қазір учаскедегілер өздеріне бекітілген 700-ден астам сайлаушының тізімін реттеп, маңызды науқанға шақыру қағаздарын толтыруда. Жалпы мұнда күніне 4 маман таңнан кешке дейін кезекшілікте отырады.

Нұржыхан Кукла – №225 сайлау учаскесінің төрайымы, М.Жұмабаев ауданы

– Қазірдің өзінде бізге кей тұрғындар қоңырау шалып, сайлау күні учаскеге келе алмайтындарын айтуда. Ондай жағдайда біз олардың үйлеріне жылжымалы урананы апарамыз. Соңғы сайлауда біздің учаскеге бекітілген адамдардың 50-ден астамы өз үйлерінде маңызды науқанға қатысқан болатын.

Жалпы М.Жұмабаев ауданы бойынша 64 сайлау учаскесі құрылған. 26-ші сәуір саяси науқанға 20 886 жұмабаевтықтар қатысып, өз таңдауын жасайды деп күтілуде.

Риат Шони.