Сергей Худяков – ҚР Президенті сайлауының барысын бақылау жөніндегі СҚО штабының төрағасы
– Біз 3 ауданнан келген қоғамдық бақылаушыларға сайлаудың еркін және әділ өтуін бақылаудың, сонымен бірге, сайлау барысында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етудің және азаматтардың сайлау құқығын қорғау жайын түсіндірудеміз. Жуық арада облыстағы өзге аудандарда ерікті бақылаушылар семинар-тренингтер өткізуді жоспарлап отырмыз. Онда біз әдістемелік құралдар таратамыз.
Мәжіліс залы ерікті бақылаушыларға лық толы. Олар Есіл, Аққайың және Қызылжар аудандарындағы барлық сайлау учаскелерінде жұмыс істемек. Мерген Танабаев семинарға Қызылжар ауданының Прибрежное селолық округінен келіпті. Ол Президент сайлауы бұл жолы да әділ әрі ешбір кедергісіз өтеді деген сенімде.
Мерген Танабаев – Озерное селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы
– Семинар алдымызда өтіп жатқан сайлауға дайындық. Бұл сайлау өте маңызды. Сайлауға қатысу, мелекетіміздің бір кәдесіне жарау бізге де үлкен мақтаныш.
Сайлау күні бақылаушылар облыстағы барлық 709 сайлау учаскесін қамтып, заңдылықты байқамақ.
Бакыт Садуакасов.