Астыртын казино Гоголь көшесінегі автожуу ғимаратының екінші қабатында орналасқан екен. Ат айналып қазығын табады демекші құмар ойынды ойнауға әрдайым тұрақты клиенттер келіп тұрыпты. Бір кешке кіру бағасы 10 мың теңгені құраған. Астыртын казиноның жұмысын тоқтату операциясы барысында оқиға орнында 10 покер ойыншысы, 2 крупье, даяшы пен әкімгер болған екен. Заңды белшесінен басып, бұл бизнесті бастаған пысқай ісіне жауап бермек. Түзету жұмыстары, бостандығын шектеу, мүлкін тәркілеумен 2 жылға бас бостандығынан айыру немесе 3 млн теңгеге жуық айыппұл салынуы мүмкін.
Амангелді Иманғалиев – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы
– СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, СҚО ІІД ұйымдасқан қылмеспен күрес басқармасымен бірге жедел ақпаратты тексерді. Кейін заңсыз ойын ұйымдастыру қылмысына қатысы бар тұлғалар құрықталды. Дәйек келтіретін барлық заттар тәркіленді. Олар: фишкалар, 88 мың теңге көлемінде ақша мен карталар. Ұсталған азаматтар тергелді. Олар бұрыннан құмар ойынды ойнайтындарын жасырған жоқ.
Риат Шони.