МТРА жаңалықтары

Петропавлда сайлаушылардың тізімі бекітілді

Николай Петров, қалалық сайлау комиссиясының төрағасы

– Петропавлда жалпы 89 сайлау учаскесі құрылды. Барлығы маңызды науқанға осы күні дайын. ҚР сайлау жөніндегі заңнамасына сәйкес 15 күн бұрын әрбір сайлаушының тізімі сайлау учаскелеріне ілінеді. Осылайша, әрбір сайлаушы қай мекемеде тіркелгенін біле алады.

Мынау № 669-шы сайлау учаскесі. М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж базасында құрылған. Володарский, Жұмабаев, Казахстанская правда, Мир, Советская, Бостандық көшелері бойында тұратын азаматтар осында келіп дауыс береді. Олардың жалпы саны – 2603.

Алтын Төлепов, № 669 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы

– 669-шы сайлау учаскесінде 1862 сайлаушы тіркелген. Бұған бөлек осы колледж қабырғасында оқитын 741 студент тағы бар. Барлығы 2 мыңнан астам адам. Егер осы сайлау уаскесіне тіркелген азамат тұрғылықты мекен-жайын ауыстырса, бізге келіп өзгерістер жайлы хабардар етуі тиіс. Өзімен міндетті түрде мекен-жай анықтамасы мен төлқұжатын алып келеді. Немесе басқа да ақпараттарды 49-42-45 телфон нөмірі арқылы біле алады. Біздің педагогтар қазір үйді-үйге барып, сайлаушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сәуірдің 26-сы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына облыс орталығынан 139 826 адам қатысады деп күтілуде. Бүгінде олардың тізімдері Солтүстік Қазақстан, Северный Казахстан және проспект СК газеттерінде жарияланды. Бұдан бөлек қаланың әр тұрғыны өзінің дауыс беретін сайлау учаскесін қала әкімдігі сайтынан біле алады. Ол үшін төлқұжаттағы жеке сәйкестендіру нөмірін білуі шарт.

Берик Касен.