МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Өмір мен шығармашылық” атты кітап жарыққа шықты

Гүлжихан Даутова – “Өмір мен шығармашылық” жинағының авторы, жазушы.

-Бұл жарыққа шыққан кітап – Дослық” татар-башқұрт орталығының құрылған кезі мен Рашида Давлеткильдееваның өмір жолы жайында. Ол кісінің тікелей осы орталықты алға жетелеуге қосқан үлесі өлшеусіз. Сондықтан да ол жайында қалам тербеуге маған қажетті мәліметтер қоры жеткілікті болды.

Шығарма- қаламгердің алғашқы еңбегі. Бұған дейін жазушы өлең жолдары мен көлемді мақалалар жазумен шектелген. Осы жолғысы тіптен бөлек. Бүгінгі кешке “Дослық” татар-башқұрт орталығының мүшелері де қатысуда. Олар Рашида Давлеткильдееваны үлгі тұтар педагог ретінде біледі.

Зухра Атажанова – “Дослық” татар-башқұрт орталығының атқарушы хатшысы.

-Оны облыста білмейтін адам кем де кем шығар. Өз заманындағы дара оқытушылардың бірі десем артық емес. Беделі де бар болатын. Ол қарапайым мұғалімдіктен, мектеп директоры қызметіне дейін көтерілді. Рашида Давлеткильдеевамен татар-башқұрт орталығы құрылған уақытта таныстым. Сол жылдары одан үйренгенім көп еді.

Сонымен бірге кітаптың тұсаукесеріне Рашида Давлеткильдееваның немере жиені де келіп отыр. Айта кеткен жөн, “Өмір мен шығармашылық” атты 285 беттік жинақ 120 данамен басылып шықты.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.