Нұрқан Төлеутай, СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті.
-Қазір электрші мамандығы аурухана, мектеп, ауыл шаруашылығында кең сұранысқа ие. Мен сондықтан осы мамандықты таңдадым.
Ал, мына шеберханада оқушылар электр құрылғыларын жинақтап, тоқ соққан адамға алғашқы медициналық көмек көрсетудің әдіс-тәсілдерін меңгереді.
Бақыт Рахимов, СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушысы.
-Мұнда студенттер білімнің 60 пайызын практикаға, 40 пайызын теорияға жұмсайды. Бұдан бөлек Олар СҚ электр желілерін тарату компаниясында тәжірибеден өтеді.
Бүгінде СҚ кәсіптік-педагогикалық колледжінде жастар 12 түрлі кәсіпті меңгеріп шығады. Соның бірі – электрмен қамтамасыз ету мамандығы толығымен дуалдық оқыту жүйесіне көшірілген. Бұл күні осы бағдарламамен 100-ге жуық студент білім алуда.
Берик Касен.