Бизнес және экономика

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры.

-Мемлекет басшысы экономикалық өсімі баяулаған және мұнай бағасының төмендеуі жағдайында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді тапсырды. Ол жөніндегі іс-шаралар жоспарын 2030 жылға дейін жалғастыру қажет. Экономикадағы ұлттық валютаның рөлін арттыру. Теңгелік өтімділікті жақсарту қажеттігін де айтты.

Бұл жағдайлар халықтың қаржы институттарына деген сеніміздігін де тудырған. Бірақ Ұлттық банк жүргізген статистика көрсетіп отырғандай, банктердегі депозиттер көлемі төмендеген емес.

Жомарт Қажырақымов – “ҚР Ұлттық Банкі” РММ СҚФ директоры.

-Облыс банктеріне тартылған депозиттер көлемі 1,3 пайызға артты және 64,3 млрд теңгені құраған. ҚР бойынша облысымыздағы депозиттердің салмағы 0,95 пайызды құрайды.

Бүгінгі күні экономиканың долларға тәуелділігі мәселесі де бар. Бұл бағытта Ұлттық банк бірқатар бағдарламаларды қолға алуда.

 

 

Магжан Ахмадина.