Қоғам

Петропавлда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтуде

Сатанов Амангелді- Нұр Отан партиясының қалалық бөлімі филиалының кеңесшісі.

-Бүгінгі іс шара “Кедергісіз болашақ” жобасының аясында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар қаланың 37 кәсіпорны бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Мұнда жұмыс іздеп келген адамдар 3-ші топ мүгедектері және жастар. Негізгі берілетін жұмыстар орта еңбек персоналы. Мүмкіндігі шектеулі жандар тек дәрігердің анықтамасы немесе рұқсатымен ғана жұмыс істей алады.

Жалпы бүгінде еліміздегі мүгедектер саны 600 мыңнан асып жығылады. Сондықтан, елбасы былтырғы жолдауында Нұр Отан партиясына мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттырып, жұмыспен қамтуды тапсырған болатын. Осы мақсатта өзіне маман іздеген “Петропавл-Астық” ЖШС жәрмеңкеде 8 түрлі жұмыс ұсынған. Шара барысында барлық қызметтерге үміткерлер табылды.

Видлацкая Светлана- “Петропавл-Астық” ЖШС кадр бөлімінің бастығы.

-Бұл жәрмеңкеден біз кәсіпорынға қажетті мамандарды табамыз. Біз бүгін ұсынған 8 бос жұмыс орнына тұрғысы келетін азаматтарды таптық. Бізге де, еңбектенгісі келетін адамға да ыңғайлы.

Бүгінгі жәрмеңкеге жұмыс іздеп келгендердің бірі – Анатолий Гуров – 3-топтағы мүгедек. Ол 25 жыл бұрын оң қолынан айырылып қалған екен. Содан бері мемлекеттің жәрдемақысына ғана иек артып, жұмыссыз жүріпті.

Анатолий Гуров – 3-топ мүгедегі, жұмыс іздеуші.

 

-Мені 25 жыл бойы ешбір жерге жұмысқа қабылдамады. Ал осы бағдарлама бастау алғалы үйіме телефон соғып өздері шақыратын болды. Маған қоймашы қызметі ыңғайлырақ. Бүгін жұмыс табамын деген ниеттемін. Жалпы жарымжандардың да еленіп жатқанына қуаныштымын.

Қаламызда бұл шара қолға алынғалы жастар мен мүгедектердің қызметке тұру мүмкіндігі артқан. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі алдағы уақытта да ұйымдастырылмақ.