Балалар

Өңіріміздің белсенді жастары Президент сайлауын қолдауда

Дарина Башенова – ұйымдастырушы

– Бұл турнирге 4 команда қатысады. Олар ҚР-ың стратегиясында жастар қандай рөл алатыны жөнінде пікір-талас жүргізеді.

Пікір-сайыс алаңына ҚР-ың стратегиясында жастардың алар орны өте маңызды деген тақырыпта ой бөлісуге “Ұшқын” мен “Болашақ” фракциялары шықты.

“Ұшқын” фракциясының мүшесі Сандуғаш Баһида дебатпен екі жыл бойы айналысып келеді. Бүгін ол Американдық-Парламенттік форматта өтіп жатқан пікір сайыста опозиция жағында.

Сандуғаш Баһида – “Ұшқын” фракциясының мүшесі

– Қазіргі таңда Президентіміз жастарға үлкен қолдау көрсетіп отыр. Оларға инвестициялар құюда.

Жалпы дебат екі тілде өтті. Ал сәуір айында жастар қалалық және де облысытық пікір-сайыс турнирін ұйымдастыруды мақсат етіп отыр.

 

Риат Шони.