МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламаның шарапаты

Ермек Құсайынов- «Фабрика рекламы» ЖШС директоры

 

– Мемлекет қолдауы біз үшін өте тиімді болып келеді. Мен алған несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі 14 пайызды құрайды. Оның 7 пайызын «Даму» қоры өтейтін болады. Жаңа ғимарат алдық. Енді ісіміз кеңейеді. Қосымша жұмыс орындары ашылатын болады.

Жалпы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылған 4 жыл ішінде 359 жоба субсидияланыпты. Бұл 31,5 млрд теңгені құраған.

Гүлмира Жақыпова- «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» СҚО бойынша өңірлік филиалының бас менеджері

– 2010 жылдан осы уақытқа дейін кәсіпкерлер алған субсидиялардың 2 млрд теңгеден астамын қайтарды. Облыс бойынша «Даму» қорынан несие портфелінің жалпы сомасы- 2,3 млрд теңгені құрайтын 60 кепілдік берілді. Берілген кепілдіктердің сомасы 1 млрд теңгеден асады.

Жалпы бүгіндері мемлекет қолдауын пайдаланып, өз ісін дөңгелетуге ниетті солтүстікқазақстандықтардың қатары артуда.

Магжан Ахмадина.