Без категории

Облыстық бейнелеу өнері мұражайында көрме ашылды

Джонни Крамер – Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы елшілігінің бірінші хатшысы.

-Көрме 1914 пен 2014-шы жылдар аралығын қамтиды. Не себепті 2014 десеңіз, бұл жылы Берлин қабырғасының бұзылғанына 25, ал бірінші дүнежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толды. Бұл көрмені біз Қазақстанның барлық қалалырында аштық, енді міне Петропавлда соңғысы ашылмақ. Солтүстік Қазақстанда басқа өңірлерге қарағанда немістер көп тұрады, сол себепті де осы көрме олар үшін де, біз үшін де өте маңызды.

Жалпы өткен ғасырда Германия екі бірдей дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алғашқысы 1914 жыл мен 1918 жылдар аралығын қамтаса, келесісі адамзат тарихындағы ең сұрапылы – 1939 бен 1945 жылдары болды. Онда Германия билігінің басына Адольф Гитлер бастаған неміс фашистері келген болатын. Диктатор Европадағы талай мемлекетті аз уақыт аралығында жаулап алды. Кеңес Үкіметі де жаңғақша оңай шағылады деген оймен фашистер 1941 жылдың 22 маусымында Молотов-Ривентроп келісімін бұзып, еш ескертпестен соғыс жариялағаны мәлім. Бірақ бұл жоспар жүзеге аспай, ақыр аяғында фашистер жеңіліс табады. Осындай тарихи оқиғалары бар көрмені тамашалауға келген мектеп оқушылары мен ұстаздар ерекше әсер алдық дейді.

-Маған бұл көрме өте ұнады. Германия мен Европада орын алған тарихи оқиғалар жақсы көрсетілген.

-Бұл көрме менің көңілімнен шықты. Әсіресе бірінші дүниежүзілік соғыс пен Берлин қабырғасының бұзылған аралығы ұнады.

-Мұнда шет ел туралы көп мағлұмат алуға болады. Ол өскелең ұрпақ үшін өте пайдалы.

Жалпы бұл көрме үш жұма жалғасады.

 

 

Риат Шони.