Мағзұм Құсайынов, “Таштан” ЖШС директоры, Мамлют ауданы.
-“Ырыс” бағдарламасы аясында негізінен бұрыннан құрылған шаруашылықтырды қаржыландырылады. Мен 63 бас симментал сатып алдым. Олар аяздарға шыдамды, сүтті де мол береді. Несие 11%-бен 7 жылға беріледі. Оның 7% мемлекет төлейді. Бұл мен үшін үлкен қолдау.
Қаржылай қолдауға ие болған шаруа мұнымен қоса “Агробизнес-2020” бағдарламасына жүгініп, жылжымалы сиыр сауатын 2 аппарат пен мына су жаңа беларус тракторын сатып алды. Айта кетейік, техника мен асыл тұқымды мал алған жағдайда кәсіпкердің жұмсаған қаржысының 50%-ға дейінгі шығыны субсидияланды.
Қазір “Таштан” ЖШС 10 адам еңбек етіп жүр. Айтула Нұрмағамбетов – малшы. Қыста сиырларға жем-азық берсе, жаз мезгілінде хайуандарды өріске жаяды. Осы салдада көптен бері істегендіктен, төрт тұяқтының бабын жақсы білемін дейді.
Айтула Нұрмағамбетов, “Таштан” ЖШС малшысы, Мамлют ауданы.
-Таңертең малдардың оттығына шөп саламыз, кебек береміз. Түсте су береміз, тұз жалатамыз. Қысқа жем-азық қорымыз жетеді. Жұмыс өз жайымен жүріп жатыр.
Болашақта кәсіпкер “Сыбаға” бағдарламасына жүгініп, 120 бас етті бағыттағы мүйізді ірі қара алуды жоспарлаған.
Айдар Төлеев, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ директорының орынбасары.
-2014 жылы сүтті-тауарлық фермаларды құруға және кеңейтуге бағытталған “Ырыс” бағдарламасы бойынша 166 млн. теңгенің 4 жобасы қаржыландырылды. Сүтті бағыттағы мүйізді ірі қараның 333 асыл тұқымды аналық басы, ауыл шаруашылығ техникасы және сүт қондырғылары алынды.
Жалпы өткен жылы шағын және орта бизнесті қаржыландыруға ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 600 жобаны несиелендірген.
Берик Касен.