Құқық қорғау органдары

Мас жүргізуші – қылмыскер

 

 

Мас күйінде көлік айдайтын жүргізушілерге қатысты заң талаптары қатаңдай түскенімен, өзінің және өзгенің өміріне салғырт қарайтындар табылуда. Мына азаматты жол сақшылары Ойқала ауданында ұстаған. Ащы суға тойып алған ол өткен жылы да дәл осы қылығы үшін жүргізуші куәлігінен айырылыпты. Бірақ бұл жаза оған сабақ болмаған сыңайлы. Облыстық наркологиялық орталықта жүргізілген тексеріс, оның орта дәрежедегі мас екендігін көрсеткен.

Жол сақшылары қолға алған акцияның алғашқы күнінде-ақ мас күйінде көлік жүргізген 40-тан астам қала тұрғыны ұсталған. Жалпы полицейлер 317 заңбұзушылықты тіркепті.

Жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізген солтүстікқазақстандықтардың кәнісінен 32 жол-көлік апаты тіркеліп, салдарынан 5 адам қаза тапқан.

 

Мағжан Ахмадина