Спорт

“Қызыл-Жар СК” ФК оқу-жаттығу жиындары өтуде

Владимир Фомичев – «Қызыл-Жар СК» ФК бас бапкері

– “Қызыл-Жар СК” футбол клубының Президенті Григорий Лориядан ұсыныс келіп түскенде бірден келісімімді бердім. Өйткені, бұл алға қойған мақсатына жету үшін еңбектенуден ерінбейтін клуб. Менің келгеніме 2 жұма болды. Аз уақыт аралығында жергілікті спортшыларды байқап көрдім. Барлығы да талантты, таңдау қиын болады. Дегенмен, басшылық қойған талаптарды орындау үшін көп еңбектенеміз.

Клуб басшылығы жаңа бапкерге Премьер-лигаға өту міндетін қойып отыр. Ол үшін құраманы жаңарту керек. Өткен маусымнан клубта бар-жоғы 6-ақ ойыншы қалыпты. Қазір олардың қатарын мықтылармен толықтыру үшін 10 спортшы шақыртылған. Солардың бірі – 23-ші нөмірдегі орталық қорғаушы Максим Жалмагамбетов. 31 жасар ойыншы кезінде ұлттық құрама сапында да өнер көрсеткен. Ал өткен маусымда Премьер-лигада 9 орынға тұрақтаған Атырау ФК-да ойнаған.

Максим Жалмагамбетов – «Қызыл-Жар СК» ФК орталық қорғаушысы

– Қазір Петропавлдық клубтың жағдайы мүшкіл. Кезінде Премьер-лигада жұлдыздай жарқыраған команда бүгінде бірінші лигадан аса алмай жатыр. Құраманы жаңартып, келесі маусымда жақсы ойын өрнегін көрсетуге тырысамыз.

Командаға ілігу үшін Петропавлдың жас споршылары да таласуда. Алайда олардың арасынан тек таланттылары ғана клубқа алынады. Кімнің теріскейлік команда сапына өткенін уақыт көрсетеді. Ал жерлестеріміздің келесі оқу-жаттығу жиыны қаңтардың 5 мен 14 аралығында өтпек. 15 күні футболшылар Туркияға жаттығуға аттанбақ. Түріктердің елінде легионерлердің мәселесі де шешілмек.

Риат Шони.