Қоғам

Жедел сатылар жаңасына ауыстырылуда

Татьяна Коваленко, тұрғын

– Лифт істен шыққан соң, оның жөндемек болдық. Бірақ, әлдекімдер қажетті бөлшектерін алып кетіпті. Сондықтан да оны жаңасына айырбастауға тұра келді. Мен 8 қабатта тұрамын. Осы уақытқа дейін баспалдақпен көтерілетінбіз. Кішкентай немерелерім бар. Олар да біраз қиналды. Енді, оның бәрі артта қалды.

Көп қабатты үйдің бірінші подъезі 40 пәтерлі. Жеделсатыны жаңасына ауыстыруға 28 баспананың иесі келісіпті. Сөйтіп, тұрғындар “Тұрғын үй комуналдық шаруашылығын жаңғырту” мемлекеттік бағдарламасының арқасында жоғарыға лифтпен қатынайтын болды.

Кенжеболат Жұмабаев, “Набережная 25” ПИК төрағасы

– 13-40 номердегі пәтер иелері келісіп, құжатты қалалық әкімдікке апардық. Бір жылдың ішінде бұл мәселе шешілді.

Лифт өткен жылдың желтоқсанында қолданысқа беріліпті. Оған 6 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған. Бұл сомманы тұрғындар ай сайын 7 жылдың ішінде мемлекетке қайтармақ.

 

Ахметова Бану.