Құқық қорғау органдары

Өңіріміздің полицейлері журналистерді келе жатқан жаңа жылмен құттықтады

Жаңа жыл қарсаңында бір топ журналистерге облыстық ІІД бастығы Берік Біләлов өзінің алғыс хаты мен сыйлықтарын табыс етті. Мұндай марапатқа 28 журналист ие болды. Сыйлық алғандардың қатарында муниципалдық телеарнаның ұжымы да болды.

Алғыс хат алғандардың қатарында республикалық телеаралардың меншікті тілшілері де бар.

Абзал Құрманкин, Астана арнасының меншікті тілшісі

– Астана телеарнасы ІІД-мен тығыз қарым-қатынас орнатып, жыл бойы жемісті еңбек етті. Бізді осылай марапаттап жатқандарына алғысымды білдіремін.

Жаңа жыл қарсаңында құттықтаулар қабылдаған журналистер қауымы құқық қорғаушыларыға алғыстарын білдіріп, жұмыстары жемісті болуын тілеп тарқасты.

Ахметова Бану.