Петропавлдағы әуежай 1975 жылы ашылған болатын. 2001 жылы халықаралық әуе порты мәртебесі берілді. Ұзақ жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген нысан мен оның ұшу жолақтарының бүгінгі күні тозығы жеткен. Сондықтан күрделі жөндеу жұмыстарын ауадай қажет етеді. Биыл елбасы кезекті халыққа арналған “Нұрлы жол- болашаққа бастар жол” атты жолдауында басымдық берген 7 бағыттарының ең біріншісін- көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту қажеттігіне тоқталған болатын. Бұл орайда әуежайлардың заман талабына сай болу керектігін айтты. Аталған бағытқа қомақты қаражатта бөлінді. Ел қазынасынан қарастырылған 7 млрд теңгеге жуығы Петропавлдағы халықаралық әуежайдың күрделі жөндеу жұмыстарына бағытталады деп көзделген. Әзірге бұл шаруаға жобалық-сметалық құжат дайындау үшін байқау жарияланыпты.
Оспан Байтеміров, СҚО жолаушылар тасымалы және автөкөлік жолдары басқармасының бөлім басшысы.
-Әуежайды жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжат дайындау үшін қарашаның 7-сі байқау жарияланды. Қорытындысы осы айдың аяғы белгілі болып, әуежайдың жобалаушылары анықталады. Және жобалық-сметалық құжаттын 2014 жылдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Әуежайда күрделі жөндеу жұмыстары біткен соң, 2016 жылы осында Ресеймен шекарааралық әріптесік қарым-қатынасты нығайтуға аранлаған 13-ші форум өтеді.
Бүгінгі күні әуежай өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Еліміздің екі қаласына жолаушыларды тасымалдап жүр. Мәселен ағымдағы жылдың 9 айында 317 ұшақ ұшып, 7432 жолаушыны тасымалдаған.
Анатолий Моложенко, “Петропавл халықаралық әуежайы” АҚ жолаушыларды тасмалдау қызметінің жетекшісі.
-Астанаға дейін 5, үш рейс Алматыға дейін жолаушылар тасмалданады. Ұшу кестесі соңғы аталған қалаға сәрсенбі, жұма, жексенбі, қалған күндері Елордаға ұшады.
Міне, АН-24 ұшағы жерге қонды. Әуе кемесі Елордадан 20 шақты адамды Петропавлға жеткізді. Аяғы жерге тиген жолаушылардың тілегі – әуежайдың бүгінгі күйін жақсартса дейді. Өйткені, барар жерге лезде жеткізетін ұшақ екенін айтады.
Байжан Қалмағанбетов.
-Ақтау қаласынан келе жатырмыз. Іссапармен. Астана арқылы. Тікелей ұшақ болса жақсы болар еді.
Күрделі жөндеу әуежайдың ғимаратына жүргізіледі. Ұшу жолақтарын кеңейту де көзделген. Ені 18, ұзындығы 600 метрге дейін ұзартылып, халықаралық стандарттарға сай болмақ. Ал, әуежайдың күрделі жөндеу жұмыстары 2015 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Бану Ахметова.