Спорт

“Мен чемпион” спорттық жобасына іріктеу сындары жалғасуда

Әсел Серематова – “Жас қыран” командасы, “Парасат” мектеп-лицейінің оқушысы.

-Біз “Мен чемпион” балалар ойынына біраз дайындалып, жаттықтық. Біз жеңіске жетуге үмітттіміз. Қалған командаларға сәттілік тілеймін және мен барлық оқушыларды жарыстарға қатысуға шақырамын.

Төрт құрама өкілдерін қолдауға келген жанкүйерлер де оларды барынша демейтіндерін айтады.

-Мен Бескөл орта мектебінің құрама командасына жанкүйермін. Олардың жеңуіне тілектеспін.

-Біз Парасат командасының жанкүйеріміз.

Көп ұзамай “Мен чемпион” балалар ойыны басталып та кетті. Сайыскерлерге берілген алғашқы тапсырма – кедергілерден жүгіріп өту. Бұл сында қос құрама ойыншыларының бірі оза шапса, өзгелері қалып жатты.

Сайыскерлерге берілген екінші және үшінші тапсырма – ол баскетбол эстафетасы, капитандар тартысы. Ойын шартына сәйкес, баскетбол эстафетасына қатысушылар допты баскетбол себетіне кіргізуі қажет. Мұнда мерген үміткерлер ғана допты себетке дәл кіргізді.

Сөйтіп, әділ қазылар алқасы алғашқы үш турдың қорытындысын шығарып, 3 сын бойынша үздік көрінген командаларды жариялады. Келесі ойынға “Парасат” мектеп-лицейі мен Озерный орта мектебінің командалары өтті.

Қанат Сәдуақас – дене шынықтыру және алғашқы әскери даярлық оқу-әдістемелік орталығының директоры.

-Бірінші кезеңге 446 команда, 5582 оқушы қатысты. Екінші кезеңге 131 команда таңдалып алынды. Олар 1500 оқушы. Ол қысқы демалыс кезінде өткізілетін болады.

Енді жеңімпаздар үшінші кезеңде өз мектептерінің намысын аудандық сында қорғамақ.

 

 

 

Бакыт Садуакасов.