Бибісара Сақыпкереева – Петропавл қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы
– Мен бұл жарысқа алғаш рет қатысып тұрмын. Өзім волейбол спортымен әуесқой ретінде айналысамын. Осы сайысқа дайындығымызды, жұмыстан кейін өткіздік.
Бірінші партияның соңына дейін екі құрама тең ойнап, жеңісті қолдарынан бермеуге тырысты. Алайда, шешуші – 25-ші ұпайды Аққайың ауданының құрамасы алып, қарсыласын тізе бүктірді.
Дархан Бекболатов – Халыққа қызмет көрсету орталығының маманы, Аққайын ауданы
– Мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіліп жатқан жарысқа екінші рет қатысып тұрмын. Бүгін жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Қарсыластарымыз – өте мықты ойыншылар. Мен бұл шарадан жақсы әсер алдым.
Жалпы, жарыста облыс пен қаладан жиналған 15 құрама бақ сынасты.
Евгений Целых – Жоғары дәрежедегі ұлттық жаттықтырушы
– Барлық 15 құрама 4 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтайды. Ал, сайыстың соңында өз топтарында жеңіске жеткен командалар 1-ші, 2-ші және 3-ші орындар үшін жарысады.
Жарыс қорытындысы бойынша қола жүлдеге СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің командасы ие болса, күміс жүлдені облыстық ішкі істер департаментінің құрамасы еншіледі. Ал, Есіл ауданының командасы алтыннан алқа тағынды.
Сагыныш Маркашева.