Ауыл шаруашылығы

Өңір алқаптарында орақ науқаны жалғасуда

Ору жұмыстары бойынша Ақжар, Уәлиханов және Жамбыл ауданының диқандары көш бастап келеді. Ал Тимирязев және Шал ақын шаруларында керісінше, бұл шаруа сылбыр жүргізілуде. Астық бастыруда Уәлиханов пен Айыртау аграрийлері қарқын қосса, Шал ақын мен Тимирязев аудандарында орақ науқаны баяу. Өңірде майлы дақылдарды жинау жұмыстары да жалғасып жатыр. Бүгінде 361,1 мың гектар алқаптағы өнім құлатылып, 25,8 пайызы жиналды. Гектар берекелігі 11,7 центнерден айналуда. Сондай-ақ 27,2 мың гектардан картоп та жиналды. Оның шығымдылығы 188 центнерді құраған. Көкөніс 5 мың гектарда жиналып, берекелік 272 центнерден айналуда.

Ахметова Бану.