Ауыл шаруашылығы

Облысымызда орақ науқаны жалғасуда

2 млн 674 мың гектардағы дәнді дақыл бастырылса, қырмандарға алтын дәннің 4 млн 107 мың тоннасы жеткізіліпті. Гектардың берекелігі 15,5 центнерден айналуда. Маңызды маусымда Ақжар, Уәлихан және Жамбыл ауданының шаруалары көш бастап келеді. Ал Тимирязев және Шал ақындық диқандар сылбыр жұмыс істейде.

Астық бастыруда уәлиханов, айыртаулық аграрийлер жылдам қимылдаса, Шал ақын мен Тимирязев аудандарында тағы да бұл жұмыстар баяу жүргізіліп жатыр. Аймағымызда майлы дақылдарды жинау жұмыстары да қызу жүруде. Бүгінде олардың алқаптағы 361 мың гектары жиналды. Берекелігі 11 центнерден айналуда. 27 мың гектар алқаптағы картоп та жиылды. Оның шығымдылығы гектарынан 188 центнерді құраған. Көкөніс егілген алқаптардың 5 мың га жиналыпты. Гектар берекелігі 271 центнерден айналуда.

 

 

Магжан Ахмадина.