Ауыл шаруашылығы

Өңірде орақ науқаны қызу жүріп жатыр

Бүгіндері өңірдегі жалпы алқаптың 2 млн 339 мың гектарындағы егін орылған. Ол 94,7 пайызды құрап отыр. 1 млн 930 мың гектардағы дәнді дақыл бастырылса, қырмандарға алтын дәннің 2 млн. 834 мың тоннасы жеткізілген. Гектардың берекелігі 14,7 центнерден айналуда.

Айта кету керек, маңызды маусымда М.Жұмабаев, Аққайың және Қызылжар ауданының шаруалары көш бастап келеді. Олар егінжайлардың 78 пайызын еңсерген. Ал көш соңында Тимирязев және Мамлют ауданының диқаншылары қалған. Облыс бойынша көрсеткіштер 71,5 пайызды құрайды.

Астық бастыруда Уәлиханов, Қызылжар және М.Жұмабаев ауданының аграрийлері жылдам қимылдауда.

Ал Шал ақын, Тимирязев және Ақжарлықтартарда бұл жұмыстар баяу жүргіліліп жатыр. Аймағымызда майлы дақылдарды жинау жұмыстары да қызу жүруде.

Бүгінде олардың алқаптағы 281,7 мың гектары жиналды. Ол 47 пайызды құрап отыр. 25,3 мың гектар алқаптағы картоп қамбаға түсті. Оның шығымдылығы гектарынан 185 центнерді құраған. Көкөніс егілген алқаптардың 4,7 мың га жиналған. Гектар берекелігі 256 центнерден айналуда.

 

Магжан Ахмадина.