Ауыл шаруашылығы

Облыстың алқаптарында астық ору жұмыстары жалғасуда

Әзірше гектар берекелігі 14,2 центрнерден айналуда. Орақтың басында Аққайың ауданының шаруашылықтары келеді. Олар ырыс дәнінің 69 пайызын бастырып үлгерді. Қызылжар ауданының агроқұрылымдары болса, шаруаның 63,7 пайызын еңсерген. Үздік үштікті 62,5 пайыздық көрсеткішпен Есіл ауданы тұйықтайды. Алайда, Шал ақын, Тимирязев және Ақжар аудандарындағы орақ жұмыстары сылбыр жүруде. Бұл аудандардағы алқаптардың шамамен 30 пайыздан астамы ғана орылды. Ал орташа облыстық көрсеткіш осы күні 43,9 пайыз деңгейінде тұрақтаған.

Қазір майлы тұқымдастарды жинау жұмыстары да қызған. Шаруашылықтар 199 мың гектар алқаптардағы өнімді қырмандарға жеткізді. Майлы тұқымдастардың шығымдылығы – 11 центрнерді құраған. Сондай-ақ, әр гектарынан 170 центнерден картоп пен 157 центрнерден көкеністер жиналып жатыр.

 

Гульмира Шохтыбаева.