Билік

Аулалардағы жолдар жөнделіп жатыр

Бұл әмбебап қондырғы АҚШ-тан жеткізілді. Техника бірнеше функцияны қатар атқарады.

Наджот Халиков, “REKMA KZ” ЖШС БК директоры

– Біріншіден, шұңқырларды шаң-тозаңнан арылту керек, екіншіден, қиыршық тастар эмульсиялық битуммен араластырылып, қысыммен құйылады. Соңында қоспа тегістеліп төселеді. Бұл жұмысқа қарта жасап басты қатырудың қажеті жоқ. Істі 2 оператор оңай атқарып, уақыт үнемдейді. Әрі аталмыш тың жоба дәстүрлі технологиядан 30 пайызға арзан. Бұл өңір бюджетіне де өте тиімді. Біз Петропавл қаласын Қазақстан бойынша тәжірибе өткізу алаңы ретінде кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Аталмыш технологияның бұл жердің сұрапыл қысына қаншалықты төзімді келетінін сынап көрмекпіз. Егер жарап жатса, бұл жұмыстар одан әрі жалғасады.

Жамбыл қысқа көшесі, 1 А мекен жайындағы бұл аулада шұңқырларды жөндеу жұмыстары 5 жыл бұрын жүргізілген. Жаңа жолдың сапалы боларына тұрғындар да сенеді.

Нина Спичукова, Жамбыл қысқа көшесі 1А мекен-жайындағы үйдің тұрғыны

– Біздің үйдің маңайынан жеңіл көліктермен қатар, үлкен габаритті машиналар да өтеді. Тұрғындардың барлығы көліктерін осы аулаға қояды. Жолдың бұзылғаны содан. Мына ауламыз соңғы 2 жылда осындай күйге енді. Енді мына жаңа технологиямен салынып жатқан жолдар көпке шыдар деген үміттемін.

Жалпы биыл қаламыздағы 10 көп қабатты тұрғын үйдің ауласындағы жолдарды жаңа әдіспен жөндеу көзделіп отыр.

Жанабек Тұрсынов, Петропавл қаласы ТКШ бөлімінің жетекшісі

– Биыл ауладағы жолдарды жөндеуге тұрғындардан 36 өтініш келіп түсті. Бүгінде біз 11 орамды орташа жөндеуден өткіздік. Жоспарымызда әлі 20 аула тұр. Мына жаңа техникамен оның жартысын жөндеп, келесі жылы нәтижесін тексеріп көрмекшіміз. Бұл аулаларды бізге депуттартар, қалалық әкімдік өкілдерінен құралған арнайы комисия таңдап берді. Аталған жұмыстарға жергілікті бюджеттен 20 ал, облыс қазынасынан 35 млн. тг бөлінді.

Мұнда 3 білікті қызметкер жерлестерімізге аталған қондырғымен жұмыс істеуді үйретуде. Өміршең жобаны мүмкіндіктерімен өңір жеткшісі Ерік Сұлтанов танысты.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Бүгін бұл технологияны 12 петропавлдық меңгеріп жатыр. Жөндеу жұмыстары бүгін ғана басталды. Жалпы тың технологиямен біз Петропавл қаласындағы 32 мың шаршы метр аумақтағы аулалық жолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Ал келесі жылы Петропавлда “PLS” деп аталатын жолға төселетін материалды өңдейтін зауыт салынбақ. Мамандардың айтуынша, жаңа материал солтүстіктіқтің қатты климатына төзімді келеді.

Берик Касен.