Залға сот, прокуратура, тәртіп сақшылары мен өңіріміздің қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері жиылыпты. Құқық қорғау органдарының мамандары оларда туындайтын ортақ мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Басты назарда сотталғандардың құқығын қорғау болды.
Мұратғали Әкетай,облыстық соттың төрағасы:
-Сотталғандарды дұрыс жолға бастайтын олардың тәртібін жақсартуға септесетін әдістердің бірі- шартты түрде мерзімінен бұрын босату. Ол жазасын өтеушілердің өз өмірін қайтадан бастап, болашақта қателікке бой алдырмауына септеседі.
Алайда кей кездері түзету мекемелерінде жазасын өтеушілердің құжаттары дұрыс толтырылмай қалады екен. Соның кесірінен, темір тордың ар жағына аттанған жан мерзімінен бұрын босату шарасына ілеге алмай қалады екен.
Гүлнар Бекенова,СҚО апелляциялық соты алқасының судьясы:
– Ең жиі тіркелетін қателік – сотталғандардың жазаны ізгілендіру және шартты түрде мерзімінен босатуға жазған қолдаухаттары дұрыс болмай жатады. Кей уақытта олар соттардың нормативті- құқықтық актілері ұсынған талаптарға мүлдем жауап бермейді.Сондықтан бүгінгі кездесуде сол мәселені талқылауды жөн санадық.
Жиын соңында сот тәжірбиесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар айтылды.
Мағжан Ахмадина