Мәдениет

Қайырымдылық акциясы

 

Қайырымдылық акцияға қатысушылар бұл жолы ақ қағазға емес,  көліктердің сыртына сурет салуда. Олар осылайша түрлі түстермен көктемнің келгенін білдіріп, қиялдарындағы бейнелерді темір тұлпардың сыртына түсіруде. “Юнеско клубы” көркемсурет лицейінің оқушылары Татьяна мен Сергей салған суреттері арқылы өздерінің көңіл күйлерін жеткізіп, бейбіт өмірді бейнеледі.

Татьяна Кушнир:

– Мен бүгін көлікке суретсалу арқылы өзімнің көңіл күйімді білдірдім. Маған шара қатты ұнады.

Алексей Малышев:

– Осылайша біздің көңіл күйлерімізді көтерген ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Көліктің сыртына бірінші рет сурет салуым. Ерекше ұнады.

Қайырымдылық шараға қатысып, балалардың жүздеріне күлкі сыйлау үшін көңілді шараға ересектер де атсалысты.

Василий Брацун, “Апельсин” ЖК такси жүргізушісі:

-Көктем мезгілі келді. Балаларға жақсы көңіл күй сыйлау үшін осы акцияға өз еркіммен қатысуды жөн санадым. Және осындай шаралар жиі ұйымдастырылса деймін.

“Өмірдің бояуы” акциясына 4 пен 16 жас аралығындағы балалар қатысты. Олар “ЮНЕСКО клубы” көркемсурет лицейінің жанында 7 көліктің сыртына сурет салды. Ұйымдастырушылар бұған дейін “Өмір бояулары” қайырымдылық байқауын ұйымдастырыпты. Осы шаралардан жиналған қаражат 5 жасар баланың жүрегіне ота жасауға жұмсалмақ.

Галина Бондаренко, “Улыбка” балалар қайырымдылық қорының президенті:

-Бұл шара “Өмірдің бояуы” атты байқау аясында ұйымдастырылып отыр. Және бүгінгі шараға 45 бала қатысуда. Қайырымдылық акциясының қорытындысы 20 сәуірде белгілі болады.

Шара соңында сурет салынған темір тұлпарлар көшелермен жүріп өтті.

Гүлбану Ахметова