Денсаулық сақтау

“Үй дәрігері”

 

 

«Үй дәрігері» сериясындағы аппараттардың ішінде “Мавит” әсіресе, жыныстық мүшеге суық тиген кезде простатит, 1,2 дәрежелі қуық түбі безінің ұлғаюы дерттерін емдеуде таптырмайтын құрал. Оның көмегіне көбіне ер адамдар жүгінеді. “Теплонды” мұрын, құлақ сияқты көптеген мүшелерді жылыту үшін қолдануға болады. Қыздыратын инфрақызыл сәулелері бел, буын, демалу жүйелерінің дерттеріне шалдыққанда ем алуға жақсы. Ол кішкентай балаларға қолдануға да жарамды. Өте ыңғайлы, ең бастысы әрбірі өзіне тиімді температура режимін таңдай алады.

 

Бәтима Сайдалинова,Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

-“Алмаг” тірек-қимыл және жүрек, қантамырлар жүйесін, невралгия, асқазан-ішек жолдарын, тамыр кеңеюі, тромбофлебит сияқты қауіпті дерттердің алдын алу үшін шығарылған. Ал «Магафон» құрылғысы ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Бұл құрал тірек-қимыл жүйесі аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамыр жүйесі, сонымен қатар кеуде сырқаттарына шалдыққанда қолданылады.

 

Ал “Алмаг-2” құрылғысының өзгелерге қарағанда қолдану аясы кеңірек. Әрқилы сырқатқа арналған 79 бағдарламасы бар. Магниттің өрісі әлдеқайда терең болғандықтан денеге бірнеше есе артық әсер етеді.

 

Бәтима Сайдалинова, Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

-«Алмаг-2» құрылғысы мамыр айында шығарылды. Оның алғашқы үлгіге қарағанда мүмкіндігі көп. Қосымша индикаторлардың арқасында ол көптеген дерттерді емдеуге қауқарлы. Айталық мына индуктор офтальмологиялық ауруларды емдеуге таптырмас құрал.

 

Көрме желтоқсанның 11-нен 14-не дейін жалғасады. Аппараттарды Қазақстан Конституциясы, 2 мекенжайында орналасқан “Сердечная” дәріханасынан алуға болады.

 

Самат Есмағи