Қоғам

Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясынан кейінгі ойлар

1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы   – бейбітшілік мәдениеті мен келісімнің іргетасы. Әр ұлыстың ұйытқысы,  берекелі бекеті, этносаралық дамудың іргелі институтында 820 этномәдени бірлестік бар. Қоғамдық ұйымдағылардың аясында тілдері мен діндері бөлек болғанымен мақсаттары бір 3 миллион адам шоғырланған. Көздегендері қуатты халық, шуақты ұлыс құру. Елордадағы Бейбітшілік үйінде өткен кезекті сессияға өңір атынан 25 делегат қатысты. Татулықтың қасиетін жоғары бағалайтын қауымның бас қосуында 2 жерлесіміз алғаш рет президиумда отырғанын айта кеткен жөн. Олардың бірі «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы төрағасының орынбасары Гүлбахша Мұсабаева.

 

Гүлбақша Мұсабаева, «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы төрағасының орынбасары:

– 140-тан астам этностар бір шаңырақ астында бір ойды білдірдік. Ол Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың келісімі, бейбітшілік және руханият. Президенттің жаңа ойы, жаңа идеясы келесі жылы бірінші мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлау. 15-ші жыл толығымен осы жылға айналады.

 

Сондай-ақ құқықтық зайырлы мемлекетіміздің Ата заңының қабылданғанына 20 жыл толмақ. Отырыста Президент барша отандасттарымыздың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етіп келетін басты құжатты ұлықтаудың маңыздылығын көтеріді.

 

Гүлбақша Мұсабаева, «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы төрағасының орынбасары:

– Заңгер ретінде айтқым келеді, қазір Қазақстан Халқы Ассамблеясының құқықтық-нормативтік базасы өте мықты. Өзінің заңынан бастап айтсақ тұжырымдама, доктрина тағы басқа нормативтік актілерді жатқызамыз.

 

Келісімнің киелі бесігі, тұтастықтың құтты мекеніне айналған біртұтас қазақ елінің ұстанған достық саясаты өзгелерге үлгі. Сырт елдер татулықты көздің қарашығындай сақтау жөнінен бізден сабақ алады.

 

Гүлбақша Мұсабаева, «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы төрағасының орынбасары:

– Осы сессияда мен ҚХА халықаралық қатынастарын жүрегімен ерекше сезіне білдім. Оның нәтижесі Ресейдің ірі мемлекеттік қызметкері Псков облысының азаматы және белгілі журналисі ҚХА “Бірлік” медаліне ие болды.

 

Бір мүдеге ұйыған халқымыздың бірлігі баға жетпес құнды қазына. Ұлтаралық түсіністікті мемлекеттің игілігіне жарар елжанды ұрпақ тәрбиелеп мұра ету керек. Елбасы осының қамында Қазақстан халқы Ассамблеясына “Мәңгілік Ел” патриоттық актісін әзірлеуді тапсырды.

 

Гүлбақша Мұсабаева, «Ұрпақ» қазақ мәдени-ағарту орталығы төрағасының орынбасары:

– Қазіргі уақытта қазақстандық патриотизм деп айтып жатырмыз. Оның бір үлгісі Сочиде өткен олимпиаданың қола медаліне ие болған Денис Тен ең жас азамат болса да Президент қолынан “Құрмет” белгісін алды. Меніңше жаңа қазақстандық патриотизм әр адам өз жұмысында әрқашанда бейбітшілік, келісім, руханият құндылықтарын қолдану керек.

 

Бүгінде облыстық Ассамблеяда көптің жүрек қалауы, ізгі тілегімен 22 этномәдени орталық жұмыс істейді. Аудандарда тағы 93 бірлестік құрылған. 11 ұлт өкілдерінің басын қосқан жастар клубы бар.Өңірлік өкілдік жыл басынан ғана достықтың шырағын жағып, ауызбіршілікке үндейтін ірі деген 100-ге тарта шара ұйымдастырды.

 

Жеңіс Ермұқанов