Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

 

Мұндай ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналған. Биыл бұл шара қасиетті Құрбан айт мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Тұтынушылардың құрбандыққа шалынатын малды тірідей сатып алу мүмкіндігі бар. Ауыл шаруашылығы өнімдерін бірнеше сауда орындарынан алуға болады.

Евгения Сальникова, Петропавл қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы:
-Бірінші сату алаңы К.Сүтішев көшесінен Коституция көшесіне дейінгі аралықты қамтитын болады. Мұнда аудандардан әкелінген бал өнімдерімен қатар, шығысқазақстандық бал өндірушілер де өз өнімдерін ұсынады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бағаны тұрақтандыруға жақсы септеседі. Қала тұрғындары бұл жерден қажет еткен өнімін төмен бағамен сатып алады. Ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс сөрелерге толы болады дейді ұйымдастырушылар.

Евгения Сальникова, Петропавл қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы:
-Келесі сауда алаңында облыс аудандарының ұйымдастыруымен картоп пен орамжапырақты көтерме және бөлшек бағамен сатып алуға болады.

Облыс орталығының тұрғындары жәрмеңкеден үлкен үміт күтеді. Олар сәтін салса, осы жәрмеңкеде қоймамызды азыққа толтырамыз деп отыр.

 – Азық-түлік бағасы арзан. Сүт, жұмыртқа, кейде ет аламыз.
-Жыл сайын осы жәрмеңкеге қатысамыз. Биылғы жылы да барамыз деп ойлаймын. Мұндағы баға базардағыдан әлдеқайда төмен.

Жәрмеңкеде барлығы 800 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсыну жоспарланып отыр.