Құқық қорғау органдары

Екі бірдей полиция майоры парамен ұсталды

Осы сейсенбі, 12 ақпанда көз қысты бармақ бастылыққа жол берген тәртіп сақшыларын өңірлік қаржы полициясының қызметкерлері құрықтады деп хабарлайды Mygorod.kz тілшісі. Өз қызметін асыра пайдаланған полицейлер бір азаматқа жүргізуші куәлігін еш қиындықсыз алып беретінін айтып, 92 мың теңге талап еткен. Қос майор Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында жұмыс істейді. Бірі Қызылжар аудандық ІІБ басшысының орынбасары болса, екіншісі осы аталған бөлімде аға инспектор болып қызмет етеді.

 

Бану Ахметова