Билік

М.Жұмабаев ауданының әкімі журналистер алдында есеп берді

Жалпы, ішкі өнім 2 млрд 367 млн. теңгеден асып жығылған. Аудан диқандары күзгі жиын-терімді уақытында аяқтаған. Сөйтіп, 653 мың тонна бидай соғылған. Өнімділік орташа есеппен гектарына 17,4 пайызды құраған. Сонымен бірге ауданда кәсіпкерлік дамып, мемлекеттік жобалар жақсы жүзеге асуда. Аудан әкімі Қайрат Пішенбаев жолдарды жөндеу, үйлерді салу, су құбырларын тарту сынды мәселелер шешімін тауып жатқанын атап айтты. Облыстық және республикалық БАҚ тілшілері аудандағы өзекті мәселелерді де көтерді. Қайрат Пішенбаевтың есеп беру баяндамасы жайында толығырақ серсенбі яғни, 27 қарашада көре аласыздар.

 

Бану Ахметова