МТРА жаңалықтары

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

“Адель құс” ЖШС 2009 жылы құрылды. Алғашында шаруашылықта 30 мың хайсекс бруно тауықтары бағылып, олар тәулігіне 20 мыңдай жұмыртқа беретін. Биылдан құс фермасы “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасына қатысып, тағы 30 мың ломан уайт жоғары өнімді тауықтарын сатып алды. Кәсіпорын автоматтандырылған заманауи құрылғылармен толықты. Енді осының арқасында серіктестік тәулігіне 35 мыңға дейін жұмыртқа шығару мүмкіндігіне ие.

 

Станислав Чукуев,  «Адель кұс» ЖШС қаржылық директоры:
– Бұл қолдау ісіміздің өркендеуіне жол ашты. Мақсатымызға енді тез жетеміз деп ойлаймын. Өйтпегенде жобамызға қажетті үлкен соманы қалтамыз көтермес еді.
Ал шамалы ресурспен арнайы құрылғысыз кәсіп жүргізу мүмкін емес.

Екінші базаның іске қосылуымен жаңадан 5 жұмыс орыны пайда болды.

Людмила Сахарова, «Адель кұс» ЖШС қызметкері:
Жұмысымыз таңғы 9-6-ға дейін. Қиын емес, жаңа аппарат жұмыртқаны өзі жинайды, бізге тек шелекке салу ғана қалады. Өте ыңғайлы.

Серіктестік  бұл мақсаттарға мемлекеттік бағдарлама аясында екінші деңгейлі қаржы институтынан жеңілдетілген үстеме ақымен 20 млн. теңгенің несиесін алды. Кәсіпкерге бұндай көмекті “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚО бойынша аймақтық филиалы жасапты. Үшжақты келісімге қол қойылды.

Пётр Салохин, “Ресей жинақ банкі” АҚ ЕБ СҚОФ директоры:
“Бизнестің жол картасы2020 бағдарламасы аясында” осымен үшінші келісімге қол қойдық. Бізде 11 пайыздық жылдық үстемеақымен несие беріледі. Кәсіпкер үстеменің тек жартысын өтейді. Өзгесі бағдарлама аясында үкіметтен аударылады. Бұл орта және шағын бизнесті дамытуға өте қолайлы.

Биыл “Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасына қатысуға тілек білдірген 46 солтүстікқазақстандық мемлекеттің қолдауын тауыпты.

Ирина Суворова, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ директоры:
– Жеке ісін бастағысы келетіндерге арналған бірінші бағыт бойынша -30, кәсіпкерлік секторын сауықтыру үшін – 8, үшіншісі қаржылық тәуелділікті төмендетуге де -8 кәсіпкерден өтініш түсті. 29 жоба несиелендірілді.

Жыл басынан жеке ісін дөңгелентем деген өңір кәсіпкерлеріне 200 млн теңгенің субсидиясы бөлінді.

Жеңіс Ермұқанов