Қоғам

Ақжар ауданының әкімі тікелей эфирде есеп берді

18 мыңға тарта халқы бар Ақжар ауданы облыс аумағының 8,2 пайызын алып жатыр. Ондағы экономиканың 90 пайызы ауыл шаруашылығының үлесінде. Өткен 9 айда ішкі өнім 8 млрд. 350 млн. теңгеге жетті. Әр салада жетістіктер бар. Алайда көкейкесті мәселелер де жоқ емес. Журналистерді аудандағы болашағы бұлыңғыр әлеуеті төмен елді мекендердің ертеңгі жағдайы алаңдатты. Бірқатар мектептер жабылып қалған. Жол мәселесі де әлі өзекті болып тұр. Қоғамдық көлік қатынауы да ауылдықтарды алаңдатады екен. Аудан жетекшісі тікелей эфирде жолданған осы және өзге сауалдарға жауап қайтарды. Толығырақ сәрсенбі күнгі жаңалықтар топтамасынан таныс бола аласыздар.

 

Жеңіс Ермұқанов