Спорт

Конькишілер республикалық жарыста 7 медаль жеңіп алды

 

“Қарасай” жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері Артур Сергиенко мен Елена Урванцева 3000 метр ара қашықтықты ең жақсы көрсеткішпен жүгіріп өтіп, алтын медалға қол жеткізді. Мұнымен қоймай, Елена тағы 1,5 шақырымда өзгелермен бәсекелесіп, 3-ші орынға ие болды. Ал, Татьяна Сокирко турнирде 2 бірдей күмісті ұтты. Ол 1000 және 1500 метр жолды еш қиындықсыз еңсеріп шықты. Ал 1,5 және 3 шақырымға тігілген қоланы Иван Аржаников жеңіп алды. Жалпы Артур Сергиенко мен Иван Аржаников коньки жарысынан халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің нормасын орындады.

 

Берік Қасен