Балалар

Жас орманшылар слеті


 

Бұл балалардың бір ерекшелігі – оларға жасыл желекті қалай қорғау керектігін түсіндірудің қажеті жоқ. Өйткені  оқушылар орманшылардың міндетін жақсы ұғып алған. Мемлекеттік орман мекемелері жанындағы мектеп орманшылығынан келген балалар бар білген-түйгендерін ортаға салуда. Мектеп орманшыларының облыстық 3-ші слетіне барлық аудандардың командалары қатысуда. Әр топ 5 баладан жасақталған. 7-11 сынып оқушылары жарыстың бірінші күнінде теория жүзінде сайысқа түседі. Слеттің екінші күнінде практикалық шаралар қарастырылған. Балалар орманға шығып, өсімдік түрлерін ажыратып, өрттің алдын алу шараларын көрсетеді. Табиғат аясындағы бұндай танымдық жиынды облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырып отыр.

Сәуле Сүлейменова, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім бастығы:

-Жеңімпаздар 1-ші, 2-ші және 3-ші орындар бойынша анықталады. Оларға мақтау қағазы мен ақшалай сыйлықтарды табыс етеміз. Сондай-ақ, түрлі номинациялар бойынша өздерін үздік танытқан оқушылар да марапатталады.

Бірінші орынды жеңіп алған топқа 35 мың теңге жүлде қарастырылып отыр.

Данаш Хамзина