Бизнес және экономика

Жаңа монеталар

 

 

 

 

Ұлттық банкке жаңа монета келіп түссе, нумизматтар үшін аса үлкен қуаныш. Мұндай тиындардың тарихи маңызы зор.  Олар қазақ халқының дәстүрі, салты, мәдениеті жайлы сыр шертеді. Тиындар жоғары сафты металдан құйылған, халықаралық стандарттарға толық жауап береді. Бұл жолы банкке ерекше дизайнды «Айтыс» күміс ақшасы әкелінген. «Қазақстанның әдет-ғұрыптары мен ұлттық ойындары» сериясы бойынша жасалған монета көздің жауын алады.

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚОФ маманы:
-Пруф сапасы бойынша жасалған. 925 сынамды. Салмағы 31,1 грамм. Құны 5900 теңге.

Алдағы уақытта банкке тағы екі монета жеткізілмек.

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банкі” ММ СҚОФ маманы:
-Біреуі ел тәуелсіздігіне арналған. Оның салмағы 31,1 грамм. Екінші монета «Көшпенділер алтыны» сериясынан «Бұланның басы» деп аталады. 925 сынамнан.

Тәуелсіздігімізге арналған монета күмістен жасалған. Бағасы 7300 теңге. Ал “Бұланның басы” өнер туындысын 7200 теңгеге сатып алуға болады.
Жалпы мұндай естелік күмістер банкке ай сайын түсіп тұрады. Алайда олардың данасы тым аз. Бүгінгі таңда мұнда 36 күміс, 27 алтын монета түрлері бар. Сондықтан құнды монеталар қатарын толықтырамын деуші нумизматтарға таңдау мүмкіндігі зор.

Гүлден Төлеген