Құқық қорғау органдары

Жұмысшы поселкесінде снаряд табылды

 

Снарядты Жұмысшы кентіндегі тұрғындардың бірі иесіз қалған жерден тауып алған. Сол орынға облыстық ІІД-ң “Арлан” арнайы тобының сапер мамандары жедел жетті. Бұл іске полицейлер де жұмылдырылды. Олар өз кезегінде жақын маңайда тұрып жатқан тұрғындарды үйлерінен шығарып, қауіпті деген аумақты қоршауға алды. Снаряд  арнайы контейнерге салынып, келесі күні таң атысымен 6637 әскери бөлімінің полигонында жойылды.

Кейін анықталғандай, жарылғыш зат 1939 жылы шыққан.

Жыл басынан мұндай жағдай облыс аумағында 2-ші рет қайталанып отыр. 1-шісі Жамбыл ауданына қарасты Сенжарка селосында шілде айының соңында табылған-ды.