Өндіруші компания, қысқаша сипаттамасы мен суреті. Тауар жайлы осы және өзге де ақпаратты енді арнайы сайттан да көруге болады. Ақпан айынан бастап отандық тауар өндірушілер өз өнімдерін каталог парағына енгізе бастады. Мағлұмат қазақ және орыс тілдерінде берілген.
Екатерина Паршина, техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бас маманы:
– «www.memst.kz сайтында каталог парағы бар. Онда тауарлар туралы толық мағлұматты көруге болады. Мұнда еліміздің әр аймағында шығарылатын өнімдермен танысуға болады. Каталогты Астана қаласындағы Қазақ стандарттау институты құрып, өңдейді.
Еліміздегі кез-келген кәсіпкер өзінің тауарын каталог парағына енгізе алады. Ол үшін техникалық реттеу және метрология комитетінің аймақтық департаментіне өтініш білдіріп, толық ақпаратты беру қажет. Оның жауабы 10 күннен кейін белгілі болмақ. Бұл қызмет тегін жүргізіледі. Бүгінде өнімін каталогқа енгізуге ниетті жерлестеріміздің қатары қалыңдап келеді екен.
Екатерина Паршина, техникалық реттеу және метрология комитеті СҚО бойынша департаментінің бас маманы:
– «Мұнаймаш» АҚ, «ЗМО» ЖШС, «Сұлтан кондитерлік өнімдері» АҚ, Петропавл ауыр машина жасау зауытының өнімдері каталог парағына енгізілді. «Десерт-СК», «Молсервис», «Радуга» серіктестіктері мен өзге де компаниялардың өтініштері қаралып жатыр.
Отандық тауарларды каталог парағына енгізу үрдісі алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Айдана Демесінова