Билік

Әкімдер сайлауына әзірлік

 

“Ауылым – алтын бесігім!” Бұл қағида алдағы тамыз айының жетісі сайланатын ауыл әкімдерінің ұстанымына айналуы тиіс. Саяси науқан жаңа әкімшілік мемлекеттік қызметшінің әлеуетін арттыруды көздейді. Қызмет аясы да біршама кеңейеді.

 

Бақытжан Сәмиева, облыстық мәслихаттың депутаты:

Үлкен жұмыс тұр алдымызда. Әкімшілікке сайлайтын жұмысымыздың үлкен маңызы бар. Халықтың мәселелерін шеше алатын әкім болады. Округтің бюджеті, бірге жұмыс жасайтын азаматтары болады.

 

Өңірде аудандық маңыздағы 4 қала мен 190 селолық округті алға жетелей алатын азаматтар іріктелуде. Орта есеппен әр орынға үш үміткерден тіркелген. Жергілікті іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының айтуынша лауазымды қызметке ниеттілердің 20 пайызын нәзік жандылар құрайды.

 

Бақытжан Сәмиева, облыстық мәслихаттың депутаты:

-Саясатымыз дұрыс орындалса, елде ақсақалдармен, халықпен ақылдасып алға басуды ойлайтын әкімшілік болады. Бір орынға екі-үш адам таласқанда жақсысы таңдалады деп ойлаймын.

 

Ауылдың гүлденуі еліміздің өркендеуіне жол ашады. Бұған Елбасы қашанда басымдық беретіні мәлім. Бұны жүзеге асыруда жаңа жетекшілер ел игілігінің қамында сан-салалы қызметтің үйлестірушісі болуы керек.

 

Жеңіс Ермұқанов