Инновациялық тауар көлемі 6 млрд теңгеден асып, 37 млн теңгенің инновациялық қызметі көрсетілді. Технологиялық инновацияға кеткен шығын 3 миллиард 985 млн теңгеге жетті. Мұның жартысынан астамы көлік пен қондырғылар сатып алуға жұмсалған. Сонымен бірге солтүстікқазақстандықтар қаражатты жаңа өнімдерді шығару мен зерттеуге бағыттаған. Негізгі қаржыландыру көзі – кәсіпорындардың өзі. Несие мен қарыз үлесі – 39,4%.
Айдана Демесінова