Ауа райы

Кәсіби мерекеге орай журналистер марапатталды

 

Бүгін журналистер кәсіби мереке қарсаңында уақытша қойын кітабы мен микрафондарын жинастырып, ерекше салтанатты шарада бас қосты.

Муниципалдық арна тілшісі Данаш Хамзина ҚР Журналистер одағының дипломына ие болды.

БАҚ өкілдерімен қоян-қолтық жұмыс істеп келе жатқан мекемелердің баспасөз хатшыларының да еңбектері елеусіз қалмады.

 

Бұдан кейін Халық журналисі анықталды. Бұл атқа 7-ші арнаның меншікті тілшісі Ольга Витукевич лайық деп табылды. Ол ғаламторда жарияланған байқауда журналистердің арасынан көп дауыс жинаған. Ал  “Квартал” газетінің редакторы Зәуре Жұмалиева 2013 жылдың үздік журналисі атанды. «ҚР құрметті журналисі» атағына «Северный Казахстан» газетінің бас редакторы Николай Дроздецкий лайық деп табылды. Оларға ақшалай сыйақы табысталды.

Журналистерді марапаттау салтанаты облыстық журналистер одағы кеңесі мен төрағасын сайлаумен аяқталды. Оған 13 БАҚ өкілдері таңдап алынды. Кеңестің басшысы болып «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының директоры Ерлан Тоқшылық сайланды.

 

Бану Ахметова