Балалар

Түлектер мектеппен қоштасуда

 

 

Биыл бірінші гимназия 53 оқушыны қанат қақтырды. Бәрі де ҰБТ өтіп, түлектер кешіне дайындалу үстінде. Солардың бірі – Кирилл Ермаков. Кирилл мектепті жақсы деген бағамен аяқтапты. ҰБТ-де 80 балл жинаған.

Валентина Ермакова:
– Баламды түлектер кешіне киіндіріп жатырмын. Күні кеше ғана бірінші сыныпқа барған сияқты еді, көзді ашып-жұмғанша уақыт зымырап өте шықты.
Міне, 11 сыныпты да аяқтады. Өзім де қобалжып тұрмын. Балам алдына қойған мақсаттарына жететініне сенімім мол.

Енді  ол медициналық университетке түсіп, көз хирургы мамандығын меңгерсем дейді.

Кирилл Ермаков, түлек:
11 жыл оқыған мектебіңмен қоштасу оңай емес. Барлығымыз да бірге оқыған оқушыларымен достасып кеттік. Алда кімді не күтіп тұрғанын ешкім де білмейді, барлығы да қайта басталатын сияқты. Жаңа таныстар, жаңа оқу орны деген сияқты. Бірінші сыныптан оқытқан ұстаздарды ұмыту әрине қиын. Бірақ бәріне сәттілік тілеймін.

Бірінші гимназияның оқушысы Мария Пономаренко «Алтын белгіге» үміткер болатын дейді ұстаздары. Бірақ ҰБТ 110 балл жинаған. 1 ұпай жетпей қалыпты, енді ерекше үлгідегі аттестатқа ие болмақ. 11 жыл бойы өте жақсы  оқыған ол болашақта журналист болсам дейді. СҚМУ-дың  журналистика бөліміне құжаттарын тапсырмақ.

Мария Пономаренок, түлек:
Білім ошағыммен қоштасу өте қиын. Себебі 11 жыл бойы сол мектептің қабырғасында білім нәрімен сусындадық. Қобалжу басым. Бізді ұстаздарымыз бала кезімізден әріпті тануға үйретті. Енді бізбен қоштасып, үлкен өмірге шығарып салмақ.

Биыл бірінші гимназияның 35 түлегі жақсы деген бағамен аяқтап отыр. Тек Николай Куртушин ғана 117 ұпай жинап, «Алтын белгісін» растаған. Бұл білім ордасы 91,68 пайызбен қалалық мектептер арасында 5-ші орында тұрақтап отыр.

 Татьяна Шацкая, бірінші гимназия директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
– Биылғы бітірген барлық оқушы ҰБ тестілеуді жақсы тапсырды. 3 оқушы ерекше үлгідегі аттестат алды. Мұның бәрі білікті ұстаздардың арқасында деп ойлаймын. Және бүгін түлектердің күні. Бәрі де жақсы өтеді деген үміттеміз.  

Ал облыстық жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар мектеп-интернатын биыл 17 оқушы аяқтады. Өмірінде бір-ақ рет болатын түлектер кешіне олар шаштарын сәндеуде. Интернаттың 6 тәрбиеленушісі “Мастер центр” кәсіптік оқу-өндірістік орталығында” тегін шаштарын сәндеуге мүмкіндік алды.

Маргарита Мозколенко, түлек:
Біз бұл күнді асыға күттік. Бір-ақ та өзімізді оқытқан ұстаздарымды қимаймын. Менің арманым көп. Журналист болсам деймін.  

Үлкен өмірге аяқ басқан оқушылардың армандары асқақ. Қойған мақсаттарына жету әр жеткіншектің өз қолында.

Гүлбану Ахметова