Мәдениет

Жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді

 

 

Мүталлап Қанғожин саналуан тақырыпқа қалам тербейтін ақын. Автор өлеңдерінің алғашқы жолдарынан-ақ өңірдің әсем табиғатына тәнті ете алады. Алайда ақын бейнелейтін басты кейіпкер – қарапайым халық, оның тұрмысы мен тыныс-тіршілігі. Орыс тілінде жарық көрген «Абылайдың ақ үйі» жинағына ақынның осындай өлеңдері мен поэмаларының аудармасы енген.

Мүталлап Қанғожин, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, СҚО Құрметті азаматы:
– Бұл кітап шығару үшін байқау өтті.
Соның ішінде таңдаулы деп танылды. Өлең жазатын адам небір қуанышқа, небір шаттыққа немесе қайғылы оқиға болғанда шабыттана жазады.

Жинаққа Шестериков, Сағындықов, Ауелбеков, Курленя, Ыбыраевтардың аудармалары еніп отыр. Әр аудармашы Мүталлап Қанғожиннің жазған шумақтарын жүрегімізбен сезініп тәржімалауға тырыстық дейді. Сондықтан олар үшін әр өлең жолының мазмұны ерекше. Мүталлап Қанғожин өлең жазуды мектеп жасынан бастапты. Сондықтан жинаққа әр кезеңдегі туындылары енген. Өлеңдер оқырман үшін өңір тарихымен танысуға зор мүмкіндік береді жиынға қатысушылар.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Автордың балалық шағы соғыстан кейінгі жылдарда өткен. Тың игеру кезеңін де көрген. Шығармаларында осы кезеңдермен таныс болуға болады.

2 мың даналық жинақ республикамыздың барша кітапханаларынан орын алмақ.

Инеш Шоқақова