Аймақ жетекшісімен әңгіме барысында Жан-Шарль Бертонэ Солтүстік Қазақстаннан алған әсерімен бөлісті. Ол Киров атындағы зауыттың жұмысымен танысып, “Бэст” гимназиясының шәкірттерімен жүздесті. Ал, “Зенченко и К” командиттік серіктестігінде ауыл шаруашылығы саласының соңғы жетістіктерінен хабардар болды. Кездесу барысында Самат Ескендіров және Жан-Шарль Бертонэ Солтүстік Қазақстан және Франция кәсіпкерлері арасында өзара ынтымықтастық пен әріптестік орнату төңірегінде де әңгіме өрбітті. Ол екі жаққа да пайдалы болары сөзсіз.
Жан-Шарль Бертонэ, Францияның ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі:
-Бірінші кезекте өз ісінің білгірі атанған адамдармен кездескенімді мақтан тұтанымды айтқым келеді. Облыс әкімімен әңгіме барысында Солтүстік Қазақстан облысы мен Франция арасында өзара әріптестік орнату жөнінде ой қозғалды. Ол, әсіресе, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласына қатысты болмақ. Мәселен, біз өз кезегімізде сіздердің өңірлеріңізге ірі қара жеткізуге мүмкіндігіміз бар. Бұл ретте аймақ жетекшісі көзделген мақсатқа қол ұшын беруге дайын екендігін атап көрсетті. Жобаны бірлесіп жүзеге асырамыз деп ойлаймын.
Самат Есмағи