Жоғалған жұпты Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен аудандық ІІБ қызметкерлері алты күн бойы үздіксіз іздеп жатыр. Көмекке облыстық төтенше жағдайлар қызметі, жол полициясы мен жергілікті тұрғындар шыққан. Ауа райының қолайсыздығы, тоқтаусыз жауған қар мен соққан дауыл іздеу жұмыстарына кедергі келтіруде. Жоғалған азаматтарды іздеуге қарда жүретін арнайы техника да тартылды.
Боранды күндері із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыптыны іздеу жұмыстары СҚО ІІД бастығы, полиция полковнигі Мұрат Ұрымхановтың жеке бақылауында. Ерлі-зайыптылардың 4 пен 14 жас аралығындағы 4 баласы бар.
Дана Ғизатова