Үстел теннисі – сырт көзге қиын емес болып көрінгенімен, шапшаңдықты талап ететін спорт түрі. Сондықтан, ойында мұқият болу қажет. Әйтпесе, ұпай қарсыласқа бұйырады. Есеп 11-ге дейін. Бір адам 2 ойында қатар жеңіске жетсе, кездесу аяқталады.
Мұратбек Тәліпов, Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі секторының меңгерушісі:
-«Дені саудың – жаны сау» дегендей спортты қолдаймыз. Үнемі қатысып, жастарға үлгі болуға тырысамыз. Өзім де ойнап шықтым. Тағы да ойнауға тиіспін.
Бұл жолы теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы жеке жарыстар өткізілді. Барлығы 40-тан астам адам қатысып отыр. «Қызылжар» спартакиадасының бағдарламасына бұдан өзге 11 спорт түрі енген.
Жанат Мұхаметгалеев, Петропавл қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:
–Шаңғы жарыстары, баскетбол, боулинг, шағын футбол және волейбол сынды жарыстарда барлық бөлімдердің қызметкерлері мен басшылары күш сынаспақ. Спартакиада өткен жылы 5 спорт түрінен өтті. Биыл тағы 7 түрі қосылды.
Спартакиада әлі де өзге спорт түрлерінен жалғасын таппақ.
Инеш Шоқақова